http://blog-almaobl.mektebi.kz/ru/blog/62/555 Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 42-50-641
Оқу бөлімі:
+7(776) 247-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері
01
сентябрь
2021

Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері

Лауазымдық міндеттерді 

бекіту туралы 



Мектеп басшысы мен мектептің материалдық техникалық базасына және финанстік құжаттарға жауапты қызметкерлері, мектеп әкімшілігі арасында қызметтік міндеттерді бөлісу арқылы мектепте оқу-тәрбие процесін жандандыру мақсатында   БҰЙЫРАМЫН:



Мектеп директоры Г.Иманбекованың міндеттері: 

  • жалпы басшылық, бақылау;
  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, «ҚР Еңбек Кодексін» , «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • педагогикалық, кіші техникалық қызметкерлерді іріктеу, тағайындау және тәрбиелеу;
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • педагогикалық, директор жанындағы кеңестер жұмысына басшылық жасау;
  • жалпыға бірдей білім беру жұмысының орындалуын бақылау, жағдайы қиын отбасынан шыққан оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру; жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінетін қаражатқа көмек алатын балалардың тізімін бекіту;
  • аудандық білім, статистикалық бөлімдерге тоқсандық, мемлекеттік статистикалық есептер беруін бақылау;
  • мектеп жұмысын жоспарлау;
  • оқу-тәрбие үрдісіне бақылау орнату;
  • сабақтарға қатысу;
  • пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің күнтізбелік жоспарын бекіту;
  • еңбек қауіпсіздік, техникалық, өртке қарсы ережелерінің сақталуын бақылау;
  • мектеп кітапханасының жұмысын бақылау;
  • финанс қаражаты, тарификация жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • материалдық базаны нығайту, сақтау, жөндеу жұмыстарына басшылық жасау;
  • мектептегі санитарлық – гигиеналық жағдайды бақылау;
  • ауыл әкімшілігімен, әскери гарнизонымен байланыс орнату;
  • мектептің безендірілуіне басшылық жасау, бақылау;
  • рейтинг жүргізуге басшылық жасау;
  • қызметкерлерді еңбек демалысына шығару графигін жасау;
  • бұйрық кітаптарының жүргізілуін бақылау;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыруына басшылық жасау;
  • бақылайтын пәндер: АӘД, химия, биология, қызметтер: психологтар, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог. 


Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  - Қ.Әбдіқаевтың міндеттері.     (1 ставка)


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі » ,«ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • сабақ кестесін құру;
  • пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын қадағалау, бақылау.
  • 5-11 сыныптарда сабақтарының, факультативтердің өтілуін, «Күнделік КZ» – электрондық журналдың толтырылуын қадағалау, бақылау;
  • мұғалімдердің пәндер, факультатив, пән үйірмелері бойынша қысқа мерзімді жоспарларын тексеру,бақылауда ұстау; 
  • сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • «Тәлімгерлік тәжірибеде» ЖОБАСЫН іске асыру;
  • «Жас дарын» Жобасына басшылық жасау, қадағалау;
  • «Оқуға құштар мектеп» Жобасына басшылық жасау, қадағалау;
  • пән апталықтарын өткізуге басшылық жасау;
  • тәжірибелі ұстаздардың іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату;
  • мектепішілік семинарлар өткізу, қатысу; 
  • пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарын бекіту;
  • әдістемелік жұмыстарға эксперименталдық, инновациялық процестерді енгізуді ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • мұғалімдердің білімін жетілдіруіне басшылық жасау;
  • мұғалімдердің аттестаттау комиссиясына қатысу;
  • пән олимпиадалары жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • 5-11 сыныптар арасынды үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс;
  • мектептегі оқу – тәрбие жұмысын мониторингілеуді жүргізу;
  • пән бойынша мұғалімдерге білім сапасының мониторингісін жасау;
  • мұғалімдердің пәндер, факультатив, пән үйірмелері бойынша күнтізбелік, сабақ жоспарларын тексеру, бақылауда ұстау;
  • емтиханға дайындық және оны өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау;
  • пән кабинеттерінің безендірілуі;
  • мектептің дамуын болжау; мектеп төлқұжатын әзірлеу; 
  • жалпыға бірдей білім беруді ұйымдастыру;
  • азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 
  • 5-11 сыныптарының сабаққа қатысуын бақылау;
  • аудандық білім, статистикалық бөлімдерге  есептер беру;
  • педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • мұғалімдердің жұмыстық есеп табелін жүргізу; 
  • 5-11 сынып оқушыларының ата-аналар арасында ағартушылық жұмытарын жүргізу;
  • қажетті жағдайда мектеп директорының  міндеттерін уақытша атқарады;
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • бақылайтын пәндер: тарих, құқық, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі.



Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Мухамадидің міндеттері.

   (0,5 ставка)


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • 1-4 сыныптар бойынша оқу бағдарламаларын орындалуын қадағалау, бақылау;
  • 1-4 сыныптар сабақтарының өтілуін, сынып журналдарының толтырылуын қадағалау, бақылау;
  • мектепалды даярлық сыныбының жұмысына басшылық жасау, бақылау;
  • Желдіқара бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын қадағалау;
  • мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік кеңесті өткізу, басшылық жасау;
  • сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • мектепішілік семинарлар өткізу, қатысу; 
  • әдістемелік жұмыстарға эксперименталдық, инновациялық процестерді енгізуді ұйымдастыру,басшылық жасау;
  • шығармашылық топтар жұмысына басшылық жасау;
  • мектеп әкімшілігінің пән мұғалімдерінің сабаққа қатысу кестесін жасау;
  • жас мамандармен жұмыс;
  • дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • пән олимпиадалары жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • үлгерімі төмен балалармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • «Үздіксіз білім алу» ЖОБАСЫН іске асыру (мұғалімдердің өз білімін жетілдіру курстарын қадағалау,жұмыс жүргізу)
  • «Жас дарын» ЖОБАСЫН іске асыру;
  • «Оқуға құштр мектеп» Жобасына басшылық жасау, қадағалау;
  • деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру, қадағалау;
  • шығармашылық топтар жұмысына басшылық жасау;
  • мұғалімдердің пәндер, факультатив, пән үйірмелері бойыншы күнтізбелік, сабақ жоспарларын тексеру, бақылауда ұстау;
  • бастауыш сыныптар кабинеттерінің безендіріліуі;
  • 1-4 сынып оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс;
  • Тарификацияны жасау;
  • Сабақ жоспарын аптасына бір рет тексеру;
  • Бастауыш сынып мұғалімдерін аттестациядан өтуін ұйымдастыру, өткізу жұмыстары;
  • мұғалімдердің жұмыстық есеп табелін жүргізу;
  • сабақ кестесін құру;
  • педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • ата-аналар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • қажетті жағдайда А. Артыкпаеваның міндеттерін уақытша атқарады;
  • бақылайтын пәндері: дінтану, музыка, дене шынықтыру, технология



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -  А.Иембергеннің міндеттері.

   (1 ставка)


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі » , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • Мектепте тәрбие жұмысының жүйесін құру, ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • Мектептің тарихы;
  • Тәрбие жұмысын мониторингілеуді жүзеге асыру;
  • Мектептегі тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыру;
  • Оқушылар күнделігіне 5-8 сыныптар бойынша, 5-8 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын, ашық тәрбие сағаттарын бақылау;
  • Мектептегі мерекелік , спорттық іс – шаралар, 5-8 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын бақылау;
  • «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы;
  • ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • «Дебат» Жобасына басшылық жасау, қадағалау;
  • Девианттық мінез құлықты балаларды есепке алу, олармен тиісті жұмыс жасауға;
  • Оқушылардың мектепте техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға;
  • Сынып сағаттарының жүргізілуі, саяси хабарлама өткізуін бақылау;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • Ата-ана комитетінің жұмысы, жалпы ата-аналар жиналысы. Ата-аналар лекториясы жұмысына жауапты. Ата-анамен әлеуметтік серіктестік тәрбиесі бойынша жұмыс;
  • Нормативтік іс-құжаттармен жұмыс;
  • Ауыл әкімімен, әскери бөліммен  бірлескен жұмыс;
  • Тәрбие тұжырымдамасы бойынша 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізу;
  • Патриоттық тәрбиесі бойынща жұмыс
  • Есірткілік және басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау тәрбиесі бойынша жұмыс;
  • Мерекелік сынып сағаттарының өткізілуі 5-8 сыныптар;
  • сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • «Ең үздік оқушы» байқауын ұйымдастыру,жүргізу; 
  • Тәрбиелік әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
  • мектепішілік семинарлар өткізу, қатысу; 
  • Оқушыларды спорттық жарыстарға қатыстыруға;
  • Үйірме жұмыстарын қадағалау;
  • Таңдаулы сынып жетекшілерінің әр түрлі деңгейдегі бақылауларға қатысуын қамтамасыз ету;
  • Каникул шараларын,жоспарын әзірлеу, ұйымдастыру;
  • Жастар саясаты бойынша жұмысы;
  • Президенттік тесті тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру,есеп беру;
  • ҚР Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыс;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • Бақылайтын пәндері:  мектеп алды даярлық, бастауыш сыныптар, математика, физика, информатика


 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – М.Баймухамбетованың міндеттері . 

(0,5 ставка)


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • Сынып жетекшілерінің жұмысына басшылық жасау;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • Сынып жетекшілерінің іс- тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату;
  • Оқушылар күнделігіне 9-11 сыныптар бойынша, 9-11 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын, ашық тәрбие сағаттарын бақылау;
  • Мектептегі тәрбиелік іс-шараларға;

-мектепішілік семинарлар өткізу, қатысу; 

  • Әлеуметтік жағдайы нашар жанұямен жұмыс жүргізу, жетім, жартылай жетім, толық емес, сәтсіз, көп балалы жанұядағы балаларды анықтау, есепке алу және олармен жұмыс;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • « Тіл туралы» Заңының орындалу барысын қадағалау;
  • Құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау. Қиын оқушылармен жұмыс жасауға, ЖІЖБ-ң қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасау;
  • Оқушылардың тасымалдау бойынша жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушыларға ыстық тамақ берілуі бойынша жұмыстарды жүргізу,қадағалау; 
  • Оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын анақтау;
  • « Оперативтік педагогикалық тобы» бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру, басшылық    жасау;
  • Жалпыға бірдей оқумен қамту қорынан бөлінген қаржының есебі;
  • Рухани адамгершілік, имандылық тәрбиесі бойнша жұмыс;
  • Мерекелік сынып сағаттарының өткізілуі;
  • Сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;
  • Сынып жетекшілердің семинары;
  • Жас сынып жетекшілермен жұмыс;
  • Оқушылар тазалығына, мектептің тазалығына, мектептің тазалық жұмыстарына жауапты;
  • «Ата-баба дәстүрлі ұрпаққа аманат» атты бағдарламасы бойынша жұмыс;
  • Мектептегі қайырымдылық іс шаралары;
  • Нормативтік іс құжаттармен жұмыс;
  • «Жазғы демалыс» жұмыстарының ұйымдастырылуы;
  • Аудан әкімінің, президент атынан өтетін жаңа жылдық шыршасына оқушыны қатыстыру;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • Бақылайтын пәндері: география, өзін-өзі тану, көркем еңбек, шағын орталық. 


Педагог-ұйымдастырушы – М.Баймухамбетованың  міндеттері (1 ставка)


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • Оқушылардың өзін-өзі басқаруына басшылық жасау,жұмысын үйлестіру;
  • Оқушылар күнделігіне 1-4 сыныптар бойынша, 1-4 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын, ашық тәрбие сағаттарын бақылау;
  • Оқушылардың сабаққа қатысуына;
  • «Ұлдар және қыздар кеңесінің» жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • «Жас өрт сөндірушілер», «Полицияның жас достары», «Жол қауіпсіздігі инспекторлары»     топтарының жұмыстарын ұйымдастыру, басшылыққа алу.
  • Экологиялық тәрбие бойынша жұмыс;
  • Этика эстетикалық тәрбие бойынша жұмыс;
  • Мерекелік сынып сағаттарының өткізілуі 1-4 сыныптар;
  • Сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • Оқушылар кезекшілігіне жауапты;
  • «Мөлдір бұлақ», «Қауіпсіз дөңгелек», бағдарламалары бойынша жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • Дәстүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру, өткізу;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • Нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • «Жазғы демалыс» жұмыстарының ұйымдастырылуы.
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;

       - Мұғалімдер кезекшілігіне жауапты.







Директордың әскери – патриоттық тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары – 

А.Какеновтың   міндеттері


  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • мектептегі әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • АӘД кабинетін, кабинет қасындағы дәлізді жабдықтау;
  • Ұлы Отан, ауған соғысы ардагерлерімен кездесуді ұйымдастыру
  • азаматтық қорғаныс жұмысы бойынша сабақ жүргізу, оқу-жаттығу жұмыстарына басшылық жасау;
  • адам өмірінің қауіпсіздік негіздерін оқыту;
  • оқушылардың әскери даярлығы, құжаттарын өткізу;
  • оқушылардың президенттік тесттерін тапсыруға;
  • әскери-патриоттық байқауларға, жарыстарға қатысу;
  • мемлекеттік Рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу;
  • педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • «Жас ұлан» ойыны
  • «Жас сарбаз» сыныбының жұмысын жүргізу
  • «Айбын» әскери-патриоттық ойыны
  • «Ұлдармен жұмыс» жұмысына ат салысу; 
  • ата-аналар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
  • терроризмге қарсы жұмыстарды ұйымдастыру; 
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс.



  Директордың шаруашылық  ісі жөніндегі орынбасары –А.Акбаевтың міндеттері


  • «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңың орындау, «Өрт қауіпсіздігі туралы Ережені», «Төтенше жағдайлар» туралы Ереженің жүзеге асуын қадағалау; 
  • мектептің оқу тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • мектептің материалдық – техникалық базаға толық жауап береді;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • материалдық жауапкершілікті толық сақтауға,оның сынуы, бұзылуы, жоғалуына жол бермеу;
  • уақытымен мектеп әкімшілігіне мектеп мүлкі туралы хабар беру;
  •  мектеп тазалығына, мектеп ауласына (кабинеттерге, дәретханаларға, асханаға, дәліздерге);
  • мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастыруға;
  • мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне;
  • мектепте психологиялық – моральдық климатын сақтауы;
  • әр сынып кабинетінде сынып жетекшілердің кабинеттегі мүлкін тексеруге, қабылдауға міндетті;
  • қазандықтың дұрыс жұмыс істеуіне;
  • сұйық отынның үнемді жұмсалуына;
  • сұйық отынды қабылдау әрі оның сақталуына қатаң түрде жауапты;
  • келісім шартпен айналысуға;
  • мектеп күзетшілерін тексеруге;
  • кабинет кілттерін түгендеп,тексеруге;
  • вахтер қызметкерлерінің дәптерлерін тексеруге;
  • кабинеттердегі құрал жабдықтарды қатаң қадағалауға;
  • еңбек қауіпсіздігін, техникалық өртке қарсы ережелерінің сақталуын қадағалау;
  • техперсоналдың жұмысын бақылауға;
  • кіші қызметкерлер жұмысын бақылауға, жұмыстық есеп табелін жүргізу;
  • финанстік қаражаттың заңсыз іс-әрекет болған жағдайда қылмыстық жазаға тартылатындығы ескертіледі;
  • Еңбекті қорғау, төтенше жағдай, техника және өрт қауіпсіздігі жұмыстарын жүргізу, қадағалау, жауап беру;
  • «Ашық» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру, қадағалау,бақылау. 



Мектеп кітапханашысы -  Д.Бектемированың     міндеттері:


  • «ҚР Білім туралы» , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын жүзеге асырылуына, орындалуы;
  • мектептің оқу – тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • мектеп қорындағы кітаптардың сақталуына;
  • материалдық – финанстік жауапкершілікке жауапты;
  • әдістемелік бұрыштар ұйымдастыруға;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • мектептің оқу-тәрбие жоспары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен іс-шаралар, конференциялар,семинарлар, көрмелер  ұйымдастырып, өткізу;
  • оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етуін қадағалау,орындау;
  • заңға қайшы финанстік құжаттарды сәйкес жүргізген уақытта қылмыстың жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі;
  • «Оқуға құштар мектеп» Жобасын жүргізу;
  • педагогтармен оқушыларды оқуға тартуда тиімді жұмыс формаларын анықтау;
  • кітаптарды насихаттау жұмысын ұйымдастыру;
  • жаңа кітаптармен, мерзімдік басылымдармен таныстыру;
  • өздігінен білім алуда даму тенденцияларын түсіндіру;
  • оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесу;
  • реферат, зерттеу жұмыстары, оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға мүмкіндік беру;
  • бірінші кезекте көп балалы, табысы аз жанұядағы балаларды оқулықпен қамтамасыз ету;
  • оқулықтарды жөндеу және сақтау туралы, үгіт-насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру.



  Мектеп медбикесінің  С.Орақбаеваның міндеттері:


  • мектептің оқу-тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • оқушылардың денсаулығын қадағалау;
  • күнделікті ертеңгісін сүзгі жұмыстарын жүргізу;
  • мектеп медицина іс-қағаздарына жауапты;
  • ыстық және қоғамдық тағамның ас мәзіріне жауапты;
  • оқушылардың, мұғалімдердің және кіші қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуіне жауапты;
  • «группа риска» топтағы оқушылармен жұмыс жүргізу және қадағалау;
  • «Д» учеттағы және инвалид оқушыларға жауапты;
  • мектептің тазалығына толық жауап береді.
  • мектепішілік бөлме температурасына жауапты;
  • мекеме ұйымдарына тиісті құжаттарды апару, әкелуіне жауапты;
  • шағын орталықтағы балаларды қарсы алып және шығарып салуына жауапты;
  • «Балауса» шағын-орталығы ас мәзіріне және оның нормасын есептеу;
  • медициналық кабинеттің безендірілуі, қабырға газеттерінің уақытылы шығып тұруына жауапты.
  • асхананың тазалығына жауапты. 
  • «Ашық» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру, қадағалау, бақылау. 


Педагог психолог Г.Алтайдың міндеттері:


  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының,  «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • мектептің оқу-тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • 1-4 сынып оқушыларымен психологиялық диагностикалық жұмыстарын жүргізу;
  • 1-4 сынып оқушыларымен психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • 1-4 сынып оқушыларымен психологиялық профилактика жұмыстарын жүргізу;
  • 1-4 сынып оқушыларымен психологиялық кеңес жұмыстарын жүргізу;
  • 1-4 сынып оқушылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау;
  • бірлескен оқу тәрбиелік процестерге туындайтын мәселелер мен қиындықтарды анықтау;
  • білім беру процесінің барлық қатысушыларына педагогтарға, оқушыларға, ата-аналарға олардың әр түрлі іс әрекетінде нақты психологиялық көмек көрсету бірлесе отырып педагогтардың ата-аналар мен оқушылардың психологиялық және нақты денсаулығын қамтамасыз ету, шығармашылық потенциялын арттыру, интелектуалдық және тұлғалық дамыту мақсатындағы психологиялық білімдерді насихаттау, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізу;
  • мектепте психологиялық – моральдық климатын сақтауы;
  • педагогтарды, білім алушыларды проблемалық мәселелермен қабылдау; 
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына жауапты;
  • нормативтік іс құжаттармен жұмыс



     Педагог   психолог  З.Жексенбинованың  міндеттері:


  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • мектептің оқу –тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу; 
  • шағын орталықтың балалар, ата-аналар және педагогтармен психологиялық диагностика, психологиялық профилактика жүргізу;
  • 5-11 сынып оқушыларымен психологиялық диагностика жұмыстарын жүргізу;
  • 5-11 сынып оқушыларымен психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • 5-11 сынып оқушыларымен психологиялық профилактика жұмыстарын жүргізу;
  • 5-11 сынып оқушыларымен психологиялық кеңес жұмыстарын жүргізу;
  • 5-11 сынып оқушылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау;
  • профилақтикалық жұмыстар жүргізу;
  • психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • кеңес жұмысын жүргізу;
  • педагогтарды, білім алушыларды проблемалық мәселелермен қабылдау; 
  • мектепте психологиялық – моральдық климатын сақтауы;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына жауапты;
  • нормативтік іс құжаттармен жұмыс



 Әлеуметтік – педагог  А.Альбектің міндеттері:


  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу; 
  • мектептің оқу-тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді;
  • Баланы әлеуметтік ортаға бейімдейді және жеке тұлға ретінде дамыту;
  • Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларын зерттейді, әлеуметтік зерттеу жұмыстары, сауалнама,тест, тренингтер өткізу; 
  • Оқушының қажеттілігі мен қызушылығын байқайды;
  • Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез  арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойынша алдын ала жұмыстарын жүргізеді;
  • Әлеуметтік-педагогикалық диагностика,әдістемесін анықтайды. 
  •  Әлеуметтік категориядағы оқушылармен сабақтан тыс жұмыс жүргізу; 
  • Әлеуметтік жағдайына қарай оқушылардың тізімін жылдың басында жинайды, жыл бойы тізіммен жұмыс атқару (жетім, қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы, ата-апасымен тұратын балалар, өгей әке шешесімен тұратын балалар)
  • Жоғарыда аталған оқушылардың отбасымен жұмыс, ата-аналарымен кеңес беру жұмысы, кеңес беру журналын жүргізу; 
  • Патронат бойынша тұрғын үй,зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік емес құқығы бойынша жұмыс жүргізеді; 
  • Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды; 
  • Баланың мемлекетпен, қоғаммен,ұжыммен,мектеппен және әлеуметтік қызметкермен байланысын ұйымдастырады;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына жауапты. 


Дефектолог  - Ж.Кашкимбаеваның  міндеттері:

  • -«ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі » , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңың, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • Баланың дене,психикалық,сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады,баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізу және талдау; 
  • Жеке оқу,жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді,әр түрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру; 
  • Сынып жетекшілерімен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке түзету,бұзылған фунцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асыру;
  • Педагогтерге,ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес беру;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу; 
  • Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді,стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін,тәсілдерін,әдістері мен құралдарын қолдану; 
  • Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыру; 
  • Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, курстардан өтеді; 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысу; 
  • Іс құжаттармен жұмыс жүргізу; 
  • Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру;
  • Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу; 
  • Еңбекті қорғау,қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындау
  • Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.


Логопед  - А.Бекееваның  міндеттері:

  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі » , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , 
  • «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарының, «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • Баланың дене,психикалық,сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады,баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізу және талдау; 
  • Жеке оқу,жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді,әр түрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру; 
  • Сынып жетекшілерімен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке түзету,бұзылған фунцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асыру;
  • Педагогтерге,ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес беру;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу; 
  • Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді,стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін,тәсілдерін,әдістері мен құралдарын қолдану; 
  • Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады; 
  • Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, курстардан өту; 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысу; 
  • Іс - құжаттармен жұмыс жүргізу; 
  • Ақпараттық - коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру;
  • Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым - қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу; 
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындау;
  • Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.


2. Осы    бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Негізі: мектеп басшысымен және мектептің материалдық техникалық базасына және финанстік құжаттарға жауапты қызметкерлері мен мектеп әкімшілігінің арасында қызметтік міндеттерді бөлісу туралы



              Мектеп директоры                     Г.Иманбекова 










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив